038"Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар" бірлестігінің "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының НО-23о оқу тобы оқушыларымен "Жақсы көңіл-күй - жан азығы" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Психологиялық тренингтің мақсаты - топ оқушыларының арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Тренинг барысында "Шаттық шеңбері", "Бір-біріңе" жаттығуы, "Мен саған сенемін", "Ергежейлілер мен алыптар", "Жүректен жүрекке" жаттығулары арқылы оқушылар бір-бірлеріне тілек айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Топ жетекшісі: Жанабилова Аида Алпысбайқызы

039

040